KZ
Өскемен
небольшой снег жел 4 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Шығысқа қыс ерте келді (фото)

2.09.2018, 06:16 96

Күз басталмай жатып Шығыс Қазақстанға қар түсті. Анығын айтқанда, Семейден 300 шақырым шалғайда жатқан Қайнар ауылы ақ ұлпаға оранды.


Бұған қатысты ауыл тұрғындары фото жəне бейнежазбаны ғаламторда таратып жатыр.


Ауыл əкімі Сағын Қапақов, қардың жауғанын растап отыр. Түнімен қапалақтаған қар ертеңінде 30-40 сантиметрге жеткен. Сынап бағанасы 3-4 градусты көрсетіпті.


-Әлеуметтік нысандар мен тұрғындарға қауіп жоқ. Жолдар ашық, бәрі бақылауда, -деп алға тартты ауыл әкімі.


Осыған дейін синоптиктер Шығыста 3-4 қыркүйекте қар аралас жаңбыр түсуі мүмкін екенін хабарлаған еді.




 


Дереккөз: Хабар 24

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив