Құз басындағы кім?
Қазақы киім киіп, қолына домбыра алған құз басындағы адамның суреті желі қолданушыларын тәнті етті әм үрейлендірді.
Суреттегі адам Түркияның Нигде қаласында тұратын Мұстафа Көк (Mustafa Kök) есімді этникалық қазақ болып шықты.
– Өзім қазақ болған соң дәл сол жерде ұлттық киіммен бір суретке түссем, деген ойым болған еді. Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Қарапайым қойшымын. Мал жайып жүріп, мұндай биіктікке үйреніп қалғанмын. Қазағым қайда болса да аман болсын. Атамекенім Қазақстанға дұғай сәлем!, - дейді Мұстафа Көк байланысқа шыққан HOLA News тілшісіне.
Сурет жақында Түркиядағы Гюллек қорғаны (Gülek Castle) маңында түсірілген екен. Суреттің авторы – М.Көктің ұлы Халид Найым Көк.