Айбек Нұғымаров Азияның абсолютті чемпионы атанды
Семейлік Айбек Нұғымаров кеше ғана елордамыз Астана қаласында өткізілген Азия чемпионатында барлық қарсыластарын шаң қаптырып, абсолютті салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Күміс жүлде Моңғолия балуаны Серік Бердімұратқа бұйырып, үздік үштікті тәжікстандық Дадохан Курбаналиев қорытындылады.
Айта кетейік, бұл тартысқа толы жарыста ел намысын тоғыз балуан қорғаған болатын. Олардың көбісі дерлік жүлделі орындардан көрінді. Сол себептен, медальдар саны бойынша жалпыкомандалық есепте отандастарымыз топ жарды. Қоржынымызда 5 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар.
Оқи отырыңыз