KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Компьютерлік бағдарлама арқылы қазақстандықтардың 5 миллион теңгесін жымқырған ресейлік азамат ұсталды

25.08.2018, 11:57 54

Кибертехниканың кереметін күн сайын көруге болады. Барлығы электронды жүйеге көшіп жатыр. Алаяқтар да. Сенбейсіз бе? Компьютерлік бағдарлама арқылы қазақстандықтардың 5 миллион теңгесін жымқырған ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ресей Федерациясының азаматын Петропавл полицейлері қолға түсірді. Күдікті Солтүстік Қазақстанда тұратын ата-анасының үйіне қонаққа келген көрінеді. Осы уақытқа дейін өзі жасаған компьютерлік бағдарлама арқылы өзгелердің есепшотынан жымқырған қаржыны өзінің және туыстарының шотына аударып отырған.


«Бағдарламаны өзім жасап шығардым. Оның көмегімен кез-келген банктегі кез келген есепшотта жатқан ақшаны басқаруға болады. Банктердегі есепшоттардың осал тұстары көп. Мен бар болғаны соны пайдаландым», - деп жауап берді баукеспе Baq.kz тілшісіне.


Ата-анасының үйін тінту кезінде ноутбук тәркіленген. Техника заттық айғақ ретінде арнайы сараптамаға жөнелтілді.


«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190 және 188 баптары «Алаяқтық» және «Ұрлық» фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір оның Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында тіркелген осы сынды қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр», - дейді Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асан Мейрамов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив