KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Өскеменде банк қызметкері салымшының 44 мың АҚШ долларын жымқарған

14.08.2013, 18:00 65


Өскемен қаласы тұрғынының депозиттік есепшотынан алаяқтар 44 мың АҚШ долларын сыпырып алған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап.

Шілде айының соңында өскемендік С.Еленадан полицияға депозиттік есепшотынан қомақты қаражатын шешіп алған белгісіз тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау жайында өтініш түседі.

Оның айтуынша, келіншек жаздың басында пәтерін сатып, одан түскен ақшаны депозитке салып қоюды ұйғарады. Банктің қызметкерлері оған салымшы болуға көмектеседі. Зардап шегуші банктегі депозитін бірнеше рет толтырыпты.

«Банкке тағы бір келгенінде келіншек банк қызметкерлерінен өзінің қаражаты туралы чек басып берулерін өтінеді. Алайда бағдарлама әйелдің есепшотында қаражат жоқ екенін көрсеткен. Басында менеджерлер оны жұбатып, бағдарламаның кейде жұмыс істемей қалатынын айтқан. Алайда олар қанша тексергендерімен, есепшотта ақша болмай шығады. Әйел содан кейін полицияға шағымданды», деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Зардап шегушінің сөздеріне қарап, полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтайды.

Кейін белгілі болғандай, Еленаның есепшотынан қаражатты 23 және 22 жастағы жігіт пен қыз алып алған. Қазір екеуі де ұсталды.

«Қолға түскен С. банктің қызметкері. Ол бағдарламаларға еркін кіре алғандықтан карта есепшотын дайындап алады. Сол арқылы депозиттен ақшаны алып отырған. Қазір күдіктілер ұсталып, уақытша қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, деді баспасөз қызметінде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу