Өскеменде 3 күнде 36 мас жүргізуші ұсталды
Өскемен полицейлері 3 күнде 36 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тәртіп сақшылары Конституция күні қарсаңында «Құқыққорғау» атты жедел-алдын алу шарасын жүргізген еді. Бар-жоғы үш күннің ішінде 160 қылмыс анықталып, 94 қылмыстың беті ашылды. 284 кішігірім бұзақылық пен қоғамдық орындарда ішімдік ішу бойынша 593 факт тіркелді.
ШҚО ІІД-ның мәліметі бойынша, мас күйі көлік жүргізгендердің саны – 36. Қауіпсіздік белбеуін тақпағандар 312, жылдамдықты асырғандар 417, жолдың қарсы бағытымен жүргендер 22.
Оқи отырыңыз