Мамандар: Қазақстанда тағы да көлік қымбаттайды
Көліктердің құны шарықтап кетуі мүмкін. «Мұның бәрі валюта бағамына байланысты», дейді мамандар.
– Меніңше, 2019 жылы көліктердің бағасы міндетті түрде көтеріледі. Ресми тіркелген алыпсатар мекемелердің барлығы утилизация жарнасының ықпалына жығылады, – дейді «Меркур Авто» компаниясының менеджері Нұржан Марзумов.
– Егер кімде-кім көлік алғысы келсе, дәл қазір қимылдасын. Әйтпесе, алдағы уақытта фалюта тұрақталмай, құбыла берсе, алыпсатарлар мен көлік шығарушы мекемелер бағаға қатысты мәселелрді қайта талқылауға мәжбүр болады. Сонда баға көтеріліп кетуі мүмкін, – дейді қазақстандық автобизнес ассоцияциясының баспасөз хатшысы Ангелия Синева.