KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Қазақстанның автобизнес қауымдастығы отандық көлік маркасын жасауға кірісті

16.01.2019, 09:48 116

Қазақстанның автобизнес қауымдастығы отандық көлік маркасын жасауға кірісті. Үкімет нақты міндет қойды, деп xабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ұйым басшысы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, шетелдік инвесторлар да қазақстандық көліктің маркасына қаржы салуға әзір.


– Мәселен, қытайлық «Jac» компаниясы қазақстандық брендті жасап шығуға мүдделі. Соған қаржы құюға да дайын. Ол өзбектің «Uz-Daewoo» немесе ресейлік «Lada» сияқты отандық көлік маркасы болады. Осы саладағы жұмыс нақты қай уақытта аяқталатынын дөп басып айта алмаймын. Дегенмен, тапсырма бар. Үкімет нақты міндет қойды. Ең бастысы, инвесторлар тарапынан қызығушылық мол. Бәлкім, алдағы уақытта қазақстандықтарға қуанышты xабарды жеткізіп қалармыз, – дейді А.Лаврентьев.


Әзірше отандық көлік маркасына қатысты нақты атау жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив