KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Өскеменде бір күнде үш автокөлік өртеніп кетті

8.01.2019, 04:03 132

ТЖ қызметі мамандарының айтуы бойынша, көліктердің біріне қасақана от қойылған болуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қалалық ТЖБ мәліметіне сүйенсек, бірінші көлік 5 қаңтар күні сағат 17.00-де Мирный кентінде өртенген. 1990 жылғы «Мазда-323» көлігімен бірге мотор бөлігінің бөлшектері жанып кетті.


Дәл осы күні кешкі сағат 6-лар шамасында Согра кентіндегі «Спутник-4» гараж кооперативінде тағы бір көлік өртенді. Өрт гаражда жатқан ағаш сөрелерден шыққан. Содан кейін жеңіл көліккке тиген тілсіз жау 20 кв.метр аумақты шарпыды. ТЖБ мамандары оқиғаға қатысты екі түрлі болжам ұсынып отыр – бірі отты абайсыз қолдану, екіншісі – қасқана от қою.


5 қаңтарда өртенген үшінші көлік – «BMW». 1991 жылғы. Оқиға түнгі 10 сағатта Машиностроителей көшесінде болды. Айта кету керек, өрт сөндірушілер көлік жанған гараждан газ баллондарын алып шықты.


– Өрт негізінен қозғалтқыш бөліктерінен шығады. Немесе қозғалыс кезінде қандай да бір подшипник сынып кетуі мүмкін. Сол кезде де үйкеліс салдарынан көлік салонында өрт шығуы мүмкін, – дейді мемлекеттік өрт бақылау қызметінің мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив