KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

ШҚО-да қарапайым жұмысшылар кәсіби көмек көрсетті

23.08.2018, 10:09 63

Шахтада мертіккен жұмысшыға көмек көрсеткен екі слесарьға сыйақы табыс етілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Жұмыс уақыты аяқталған кез еді. Кенжардан бір аяғы жарақаттанған жұмысшыны алып келе жатқанын көрдік. Әріптесім екеуміз жақын маңда тұрған орындықты сындырып, тақтайға дөңгелектерді төседік, – дейді қаһармандардың бірі Сергей Кузнецов.

20 маусымда Орлов шахтасының №3 бөлімшесіндегі жарғыш (взрывник) Бекзат Әубәкіровтің оқыс оқиға салдарынан жамбас сүйегі сынған болатын. Бірінші болып көмек қолын созғандар - қос слесарь, Виктор Юрченко мен Сергей Кузнецов.

Шахта денсаулық сақтау пунктінің мамандары көрсетілген алғашқы көмектің кәсіби деңгейде болғанын айтады. Өндіріс басшылығы азаматтарға қаржылай сый-сыяпат тартты.

Бес аспап жігіттрердің арқасында аман қалған Бекзат қазіргі уақытта үйінде. Денсаулығы оңалып келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу