KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өзенге ағып бара жатқан адамды құтқарып қалған жастар марапатталды - Семей

28.04.2021, 14:10 171

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Семей қаласының екі жас тұрғыны алғыс хаттармен марапатталды. Оларды ШҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Нұрпейісов тапсырды.

Екі дос 27 сәуірінде батылдық, ерлік көрсетіп, ер адамды ажал аузынан құтқарып қалды Кездейсоқ жақын маңда болғандықтан жастар оқиға орнына қарай жүгірді. Ағынмен келе жатқан ер адамды көріп, 22 жастағы Әбілмансұр Төлеуғали суға секіріп, ер адамды судан алып шықты. Оған досы Мерей Маутбеков көмекке келді. Сондай-ақ, Мерей жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетті.

Жігіттер қарапайым отбасынан шыққан және өздерін батыр деп санамайды.

"Біз адамға көмек көрсету керек екеніне күмәнданбадық, бірақ өзен ағысы күшті және қорқынышты болғанын да жасырмаймыз. Менің ойымша, біздің орнымызда кез-келген еркек осылай істейтін еді. Барлығы кинодағыдай болды, жағдай бойынша әрекет еттім, алғашқы көмек көрсету дағдыларын бірінші рет қолдандым, бірақ бәрін дұрыс жасадым", - деді Мерей Маутбеков.

ШҚО ТЖД азаматтарға су айдындарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив