KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Плитасын өшірмейтін өскемендіктер 30 өртке себепші болды

23.08.2018, 10:01 133

Тамақ пісірген соң, плитасын өшірмейтін өскемендіктер көп. Енді 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскемен қалалық ТЖБ мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері осындай жағдайлардың салдарынан 30-ға жуық өрт шыққан.


Ұмытшақсыз ба? Айыппұл төлейсіз!


– Еліміздің әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес, өртке қарсы талаптарды сақтамағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал егер тұрғын өртке себепші болып, соның салдарынан қандайда бір шығын туындаса 10 АЕК айыппұл арқалайды, – дейді төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискова.


Мемлекеттік өрт бақылауы қызметі бөліміндегі мамандардың айтуынша, ас үйдегі өрт салдарынан адам қаза тапқан жағдайда, кінәлі тарап тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив