KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

"7-20-25" бойынша ШҚО-да 517 отбасы баспаналы болғалы тұр

21.08.2018, 05:05 56

– «7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 тамызға дейін 1 586 өтініш келді. Соның 1 026-сы мақұлданды. Оларға 11,9 миллиард теңге бөлініп беріледі, – деп хабарлады Ұлттық Банк.


Яғни, аталмыш бағдарлама аясында елімізде мыңнан астам адам баспаналы болмақ. Олардың мәліметіне сүйенсек, адамдардың көбі аумағы 62 шаршы метрге тең екі бөлмелі пәтерді сатып алуға құмбыл екен.


Ал Шығыс Қазақстанда осы бағдарлама бойынша 517 отбасы пәтер кілтіне ие болады.


Айта кетейік, ресми дерек көздерінде облыста 2020 жылға дейін 352 көпқабатты тұрғын үй бой көтеретіндігі айтылуда. Осылайша 20 190 шаңырақ қоныс тойын тойлайды деген болжам бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив