KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 0,8 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

Ерлан Сағадиев: Енді мектеп мұғалімдері ҰБТ процесіне қатыспайды

17.08.2018, 12:05 123

Бұған дейін мұғалім жұмысын барынша жеңілдету туралы мәселенің Қазақстан Республикасы педагогика қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясында қаралатынын жазған едік. Жиын өтті. Министр нақты шешімді айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп мұғалімдері енді ҰБТ процесіне қатыспайтынын жеткізді.


"Менің блогыма, жеке кездесулерде де мұғалімдерден сұрақтар өте көп түседі. Соның басым көпшілігі - ұстаздарды басқа жұмысқа тарту. Оны шешу үшін біріншіден, естеріңізде болса, былтырдан бері үй аралауды алып тастадық. Бірақ осы уақытқа дейін мұғалімдерді бөгде жұмысқа тарту облыстардың практикасында əлі сақталып отыр. Бұны біз білеміз", - деді Сағадиев.

Министр облыс əкімдері орынбасарлары мен білім басқармалары басшыларына бірігіп, осы тəжірибені жүйелі түрде тоқтатуды тапсырды.


"Жаңа оқу жылынан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу міндетінен мұғалімдерді босату мәселесі талқылануда. Министрлік бұны қолдайды. Ұстаз тек сапалы білім берумен айналысуы қажет. Бұны біз түсінеміз. Сондықтан мектептердің ҰБТ нəтижесі бойынша рейтингін де алып тастадық", - деп түйді Ерлан Сағадиев.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда мұғалім жұмысын барынша жеңілдету шаралары жүзеге асып жатыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив