ШҚО-да әлеуметтік маңызды тағам түрлері қымбаттады
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы әлеуметтік маңызды саналатын бес тағам түрі қымбаттағанын хабарлады.
– Сиыр еті, қырыққабат, қант, қарақұмық жармасы және бидай нанының бағасы жыл басынан бері аздап қымбаттады. Қалған азық-түліктің бағасы тұрақты күйінде, – деді басқарма басшысының орынбасары Ольга Григорьева.
Оның сөзінше, қорда 9 600 тонна әлеуметтік маңызды азық бар.
Оқи отырыңыз