KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Семейлік кәсіпкер 48 адамның өмірін құтқарған Ержанға 1 миллион теңгені табыс етті

15.08.2018, 06:24 125

Күні кеше ғана Ресейдің Алтай өлкесінде Семей қаласының тұрғыны Ержан Амарханов «Семей-Новосібір» бағытындағы қызыл жалынға оранған автобустан 48 адамды құтқарып қалғаны туралы жазған болатынбыз.


Ержанға бүкіл қазақстандықтар ерекше құрмет көрсетіп, ерлігін жоғары бағалап жатыр. Оның жасаған батырлығы ешкімді де бей-жай қалдырмады. Тіпті, ресейліктер оған қоңырау шалып, су жаңа автокөліктің кілтін сыйға тартатындарын уәде еткен екен.


Осыған ретте, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те бейбіт күннің батырымен кездесті.



Кездесу барысында қала басшысы өрт кезінде ерлік танытқаны үшін Ержанға зор ризашылығын білдірді.  Көлік алуға деп жинаған қомақты қаржысының жанып кетуіне байланысты, жергілікті кәсіпкер «Гордорстрой» ЖШС директоры Бауыржан Қайрамбаев жерлесімізге 1 миллион теңгені өз қолымен табыс етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив