KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
480.5 534.22 5.18

«Момо» - қауіпті ойын, «Синий кит» жолда қалады мұның жанында

9.08.2018, 06:33 142

Сақ болыңыз! Балалардың өміріне қауіп төндіретін «Момо» ойыны пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі zakon.kz порталына сілтеме жасап.


«Синий кит» сияқты? Иә! Тек бұл WhatsАpp мессенджері арқылы таралуда. Бұл ойын әлем бойынша балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіріп тұр. Өзге суицидтік ойындар сияқты мұнда да балаларға түрлі бұйрықтардың жіберіліп отырады. Егер жасөспірімдер қорқынышты ойынға қатысудан бас тартса оларға қоқаң-лоққығы толы хаттар келе бастайтын көрінеді.


Желідегі балаларды аватарына жапондық мүсінші салған суретті қойған МОМО есімді бір түрлі қолданушы қорқытады. Белгісіз жан балаларға бастапқыда зорлық-зомбылық бейнеленген суретті жібереді, одан кейін «соны ойнауға» бұйрық береді.


Әрине, көптеген бала мұндай ойынға қатысудан бас тартады, сол кезде анонимді куратор психологиялық қысым көрсетіп, қорқыта бастайды. Бұл ойынды ойнаған адамдардың өзіне қол жұмсау деңгейі орташа көрсеткіштен жоғары екендігі дәлелденді. Мексика билігі бұл іс бойынша бірінші болып дабыл қаққан. Киберқылмыспен күрес жөніндегі қызметкерлер whatsАpp арқылы тарайтын бұл ойынның кураторларын құрықтау үшін бар күшін салуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив