KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Өскеменде сенбі күні автошабандоздар сайысы өтеді

7.08.2018, 05:45 158

Алдағы сенбі күні Өскемендегі Спорт сарайының көлік тұрағында көлікті жылдам және шебер басқару бойынша «Битва за Respect» ШҚО кубогінің кезеңі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Автошоуды тамашалаушылар, түрлі сайыстарға қатысып, демеушілер ұсынған сыйлықтарға ие бола алады. «Vostok Motor Sport» командасының «дрифт-такси» тосын сыйы да кеш көрермендерінің біріне бұйырады.


– Биылғы жылы сайысқа жаңа Standart класын қостық. Бұл жарысқа бұрын-соңды түсіп көрмегендер және спорттық дәрже алмаған шабандоздарға жасалған тамаша мүмкіндік, – дейді ШҚО автомотоспорт федерациясы.


Шоу жайлы толық ақпаратты ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ФАМС ВКО тобынан ала аласыз. Дәл сол жерде сайысқа қатысуға өтініш қалдыруға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив