KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Жарма ауданының орталығында ескерткіштер көшесі бар

26.07.2018, 07:38 164

ШҚО, Жарма ауданы Қалбатау ауылының Достық көшесінде ауылдың көркін келтіріп тұрған бірнеше ескерткіштер орнатылған. Рухани қазына көзі саналатын ескерткіштің өзіндік сипаты бар.


Қазақтың қабырғалы қаламгері, әрі журналист, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың есімі қазақ әдебиеті тарихында алтын әріппен жазылған десек болады. Оның қаламынан туған «Махаббат, қызық, мол жылдар», «Мәңгілік махаббат» шығармалары бүгінде халықтың жадында, санасында сайрап тұр. Белгілі қаламгерге өзінің туған өлкесінде «Махаббат аллеясы» бой көтерді. Айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына орай аталып, ақиық ақынның еңселі ескерткіші орналастырылса, «Ана» мәртебесінің асқақ белгісі болып табылатын қажы Құнанбайдың анасы, Абайдың әжесі Зере Бектемірқызына ескерткіші, сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен жарияланған "Ұлттық домбыра" күні қарсаңында төл музыкалық аспабына арналған домбыра ескерткіші қойылды. Сонымен қатар, Достық көшесінде адамдар демалатын аллея жасалып, жануарлар бейнесіндегі мүсіндер орнатылған.


Күз айында осы Достық көшесінің бойынан тағы бір ескерткіштің ашылу рәсімін өткізілмек. Ол Жарма ауданының тумасы әйгілі мерген Төлеуғали Әбдібековті еске сақтауға арналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив