KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Университеттер арасындағы рейтингте ШҚМТУ көш бастап тұр

24.07.2018, 05:34 122

Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасы рейтингісінің  бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген бұл зерттеу ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы мен олардың орташа еңбекақысы, бағдарламаның өзектілігін бағалау, сондай-ақ түлектердің сауалнама қорытындысына сүйенген еді. Бірінші кезең аясында 33 мамандыққа  рейтинг жасалған болатын.


Ондағы деректерге сүйенсек, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша 26 ЖОО-ға зерттеу жүргізілген. Онда 3,63 ұпаймен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті көш бастады. ЖОО түлектері 100% жұмысқа орналасқан және олардың орташа жалақысы 234 375 теңгені көрсеткен.


Аталмыш мамандық бойынша, екінші орында 3,36 ұпаймен Рудный индустриалдық институты тұр. Мұнда да түлектер 100% жұмыспен қамтылған және орташа еңбекақылары 577 669 теңгені құраған. Рудный институтының шығысқазақстандық университеттен түлектер арасында жүргізілген сауалнама көрсеткіші төмен болған көрінеді.


Үздік үштікті Қазақ қатынас жолдары университеті түйіндейді. 3,32 ұпай. Университет түлектерінің 86% өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан, олардың орташа еңбекақысы – 317 980 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив