KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

ШҚО-да италиялық саяхатшы не істеп жүр?

23.07.2018, 10:59 101

ШҚО-дағы Алматы трассасымен кетіп бара жатып, өзі жалғыз-жарым, кішігірім қойтастай сөмкесін арқалап, велосипедпен бара жатқан әйелге кез болуыңыз мүмкін. Бұл ерекше саяхатшы – италиялық Валентина Брунет. Ол жайлы бізге өскемендік Мұрат Қойшин айтып берді.


Мұрат саяхатшымен демалысқа келе жатқан студент баласын күтіп аламын деп Жаңғызтөбеге шыққан жолында кезіккен көрінеді. Жанына келіп, жөн сұрасқан.  Саяхатшының велосипедпен жалғыз өзі Қытайдан бері келе жатқанын сонда біліпті. Валентина болса, бұл жақтың тұмса табиғаты мен жол бойында кезіккен өңір жұртшылығының қонақжайлылығына қайран қалғанын жеткізген екен. Қоналқыға түсірген жұрт, шет елдік саяхатшыны ас-судан тарықтырмаған көрінеді.


Біздің білгеніміздей, бұдан бұрынырақта сеньора Брунет мұғалімдік қызмет атқарып, кейінірек отбасылық бизнесті қуған екен. Содан барып, жалғанды жалпағынан басқан велосаяхатшы болсам деген арманы туған. Өзінің айтуынша, арман қуып, жолға шыққалы бірнеше айдың жүзі болыпты. Саяхатшы сапар барысында Алматы трассасындағы тосын саяхатшы бір өзі ғана емес екеніне көз жеткізген. Ол Германиялық армандасы Герхардпен жолығып қалған. Ол Валентинаға қарсы бағытта, яғни Қытайға қарай саяхаттап бара жатса керек.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив