KZ
Өскемен
+20°
небольшой дождь жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Футболдағы «Алтай» үшінші орынға сырғыды

12.07.2018, 08:17 107

«Алтай» үшінші орынға сырғыды. Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 18-ші турында өз алаңында «Екібастұз» командасын қабылдаған семейлік ұжым күтпеген жерден ұпай жоғалтып, турнирлік кестедегі екінші орнынан айырылып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жалпы, бұл ойындағы қызықтың бәрі екінші таймда орын алды. Алдымен матчтың 60-шы минутында қонақ команданың жартылай қорғаушысы Құрмет Қараман гол соғып, екібастұздықтарды алға шығарса, араға бір минут салып алаң иелері таразы басын теңестіріп кетті. Нәтижелі соққының авторы Жандос Сұлтан. Ал 15 минуттан кейін алтайлықтар тіптен алға шықты. Бұл жолы команданың тәжірибелі жартылай қорғаушысы Алексей Шакин көзге түсті. Дегенмен семейлік футболшылар жеңісті есепті тұра алмады. Кездесудің соңғы минуттарында «Екібастұз» ойыншысы Аслан Еркен есепті теңестіріп, «Алтайды» қолда тұрған ұпайларынан айырды. Қорытынды есеп 2:2. Осы ретте, бұл матчта алтайлықтардың үздік шабуылшысы Дәурен Қайқыбасов пенальти соға алмай қалғанын да айта кеткен орынды.


Осы ойыннан кейін 35 ұпай жинаған семейлік команда жарыс кестесінің үшінші сатысына түсіп қалды. Ал екінші орынға Сергей Тимофеев шәкірттерінің бұл турдағы сәтсіздігін ұтымды пайдаланған «Оқжетпес» шығып кетті. Келесі кездесуін жерлестеріміз 15 шілде, жексенбі күні қонақта дәл сол көкшетаулық командаға қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив