KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
476.27 515.47 5.41

«Алтай» ойламаған жерден ұпай жоғалтты

17.09.2018, 10:49 263


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 27-ші турында өз алаңында жарыс аутсайдерлерінің бірі «Ақтөбе-Жас» командасын қабылдаған семейлік «Алтай» қарсыласымен тең тарқасып, ойламаған жерден ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталған ойындағы есепті кездесудің екінші минутында алтайлықтар ашқанымен, ақтөбеліктер бірінші тайм аяқталмай жатып таразы басын теңестіріп кетті. Көзге түскен Дәурен Қайқыбасов («Алтай») пен Сырым Әділжанов («Ақтөбе-Жас») болды. Бұл есеп матч соңына дейін өзгерген жоқ, 1:1.


Осы ойыннан кейін 49 ұпай жинаған Сергей Тимофеевтің командасы турнирлік кестенің төртінші орнында қалуда. Келесі кездесуін жерлестеріміз 21 қыркүйек, жұма күні сырт алаңда үшінші орында тұрған шымкенттік «Қыранға» қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив