KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, Ю
482.86 533.17 5.08

Футболдағы «Алтай» тағы бір сатыға төмен сырғыды

17.07.2018, 05:20 151

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының үшінші турында қонақта Көкшетаудың «Оқжетпесімен» кездескен «Алтай» футболшылары 2:4 есебімен жеңіліс тапты.


Айта кетейік, бұл алтайлықтардың биылғы чемпионат аясындағы төртінші жеңілісі.


Ал көкшетаулық командаға қарсы өткен матчтың тағдыры екінші таймда шешілді. Дегенмен, бұл ойындағы есепті семейлік команда ашты. Кездесудің 32-ші минутында «Алтай» сапына жаңадан келіп қосылған қорғаушы Алексей Подпругин гол соғып, қонақтарды алға шығарды. Алайда, алаң иелері үзіліске дейін таразы басын теңестіріп қана қоймай, алға шығып үлгерді. Екі гол да Никита Баженовтың еншісінде.


Екінші таймның алғашқы минуттарында есеп 3:1-ге дейін жетті. Бұл жолы Руслан Сақалбаев көзге түсті. Осыдан кейін шабуылға лап қойған алтайлықтар матчтың 70-ші минутында есеп айырмасын бір допқа дейін қысқартқанымен, 90-шы минутта өз қақпасына гол соғып алған семейлік команданың қорғаушысы Ділшат Мұсаев осылайша ойынға нүкте қойды, 2:4.


Аталған жеңілісінен кейін қоржынында 35 ұпайы бар жерлестеріміз турнир кестесінің төртінші сатысына сырғыды. Ал үшінші орынға бұл турда көш басындағы шымкенттік «Қыранды» 7:0 есебімен талқандаған «Тараз» көтерілді. Келесі кездесуін алтайлықтар 21 шілде, сенбі күні өз алаңында Теміртаудың «Шахтер-Болатына» қарсы өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив