KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

"Алтай" екінші орнын сақтап қалды

10.07.2018, 04:00 277

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 17-ші турында Таразда жергілікті аттас командамен 1:1 есебімен тең ойнаған семейлік «Алтай» осының арқасында турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды.


Естеріңізге салайық, бұл биылғы маусымда «Алтай» мен «Тараз» арасындағы ойында тіркелген екінші тең нәтиже. Бірінші айналымда тараздықтарды өз алаңында қабылдаған жерлестеріміз қарсыластарымен 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. Ал бұл жолғы матчта екі доп соғылды. Ойындағы есепті бірінші таймның соңында алаң иелері ашты. Гол Тимур Байжановтың ешісінде. Дегенмен, алтайлықтар ойынның соңғы минуттарында есепті теңестіріп кетті. Нәтижелі соққының авторы – Вячеслав Сердюков.


Жоғарыда айтқанымыздай, осы ойыннан кейін қоржынында 34 ұпайы бар «Алтай» жарыс кестесінің екінші сатысында орналасуда. Жерлестеріміз аталған турда жеңіске жеткен шымкенттік «Қыраннан» бес ұпайға қалып тұр. Келесі кездесуін жерлестеріміз ертең өз алаңында «Екібастұз» командасына қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив