KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Өскемен қаласы әкімідігі еңбек сіңірген азаматтарға медаль тапсырды

5.07.2018, 10:42 204

Бүгін еліміздің және облыс орталығының дамуына еселі еңбек сіңіріп, қоғамда белсенділігімен танылған бір топ өскемендіктер «Астана– 20 жыл» мерекелік медалімен және облыстық мәслихат хатшысының  Алғыс хатымен марапатталды.


Өскемен қалалық әкімдігінде өткен салтанатты жиында қалалықтарды Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина келе жатқан Астана күні мерекесімен қалабасшылығының атынан құттықтап, мерейтойлық  датаға арнайы соғылған мерекелік медальдарды салтанатты жағдайда табыс етті.


Марапатталғандар арасында қалалық әкімдік істері басқармасы № 1 филиалының ардагерлер кеңесі төрағасы Әлімхан Әбдіқалықов, «Мараленок» ЖШС директоры Асқар Қабанбаев,  «Еңбек даңқы» орденінің  толық иегері, қаланың құрметті азаматы Зәмза Қырықбаев, ЖМК ауданындағы ақсақалдар алқасының төрағасы Аман Солтанғалиев секілді белсенді азаматтық ұстанымымен Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдері бар.


– Астана қаласының туған күні мерекесі қарсаңында арнайы медалмен марапатталып жатырмыз. Бұл біз үшін ерекше күн. Астана – Елбасымыздың төл туындысы. Онымен бүкіл Қазақстан мақтанады. Барлықтарыңызды Астана күнімен құттықтаймын, - деді ӘлімханӘбдіқалықов.


Салтанатты шара Өскемен қаласының өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертке ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив