KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өскеменде Қазыбек би даңғылы салтанатты түрде ашылды

19.09.2018, 06:22 294

Өскемендегі 19 ықшам ауданында Қазыбек би даңғылы салтанатты түрде ашылды. Даңғылдың ашылу салтанатында облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков сөз алып, жиылған қауымға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Салтанатты шара барысында қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиевпен облыстық соттың судьясы Ғалия Алипанова бұл даңғылға Қазыбек бидің шешендік сөздері жазылған билбордтарды ілу туралы ұсыныстарын білдірді.


– Кейінгі буын өткен тарихты ұмытпай, ел тәуелсіздігі жолында аянбай күрескен тарихи тұлғаларымызды ұмытпауы тиіс, - деді Ғалия Алипанова.


Салтанатты шарада К.Маркс көшесін Қазыбек бидің атына беруге атсалысқан қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев, №1 қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары ЕвдокияМаксимова, №1 қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аман Солтанғалиевке алғыс хаттар табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив