KZ
Өскемен
+1°
снег жел 1 м/с, СШ
487.24 529.34 5.02

Семейде тұратын соғыс ардагері 92 жасқа толды

2.07.2018, 14:55 253

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына 73 жыл өтсе де, осы бір сұрапыл кезеңді ешкім әлі ұмыта қойған жоқ. Елімізде Отан үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқан дана қарияларымыз күннен-күнге азайып барады. Сондықтан да, соғыс алаңында жаумен жаға жыртысқан жауынгер ардагерлерімізді ұмытпай, әрқашанда олардың ерліктерін жоғары бағалауымыз керек.


Бүгінгі күні Семейде 47 ҰОС ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына жыл сайын ерекше құрмет көрсетіліп жатады. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, қала әкімі Ермак Сәлімов 92 жасқа аяқ басып отырған, соғыс және еңбек ардагері– Петр Михайловичты туған күнімен құттықтап қайтты.


 


Қай кезде болмасын өжеттік пен батырлықтың үлгісін көрсете білген атамыз өткен өміріндегі естеліктерімен бөлісіп, барша құттықтап келген азаматтарға өзінің ризашылығын білдірді.


Айта кетейік, Петр Коломин алғашқы еңбек жолын 16 жасында колхозда жұмысшы болып бастаған екен. Ал 1943-1945 жылдар аралығында ІІІ-ші Беларусь майданында, Балтық маңында және Германия аумағында соғысқан.


Қазірдің өзінде-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, көптеген кездесулер ұйымдастырып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив