KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Семейде Назарбаев мектебінің оқушылары соғыс ардагерлерін құттықтады

7.05.2018, 02:25 190

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Жарты әлемді шарпыған 2-ші дүниежүзілік соғыс қаһармандарының қатары күн санап сиресе де, оларға деген құрмет төмендеген емес.


Майдан алаңында жаумен жаға жыртысқан жауынгер ардагерлерімізді ұмытпай, олардың ерліктерін жоғары бағалағанда ғана ұлттық рухымыз асқақтай түсетіні сөзсіз. Биыл адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың жеңіспен аяқталғанына 73 жыл толуын қарсы алып отырған қарт майдангерлер де жоқ емес. Солардың бірқатарына Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары арнайы барып, Ұлы мерекемен құттықтап қайтты.


Мәселен, қаламыздағы ет комбинатында еңбек етіп жүрген жерінен әскерге шақырылған Ошақбай ата 3-ші Беларусь майданынан бастап, Берлинге дейін жеткен екен. Ал, Оразхан Майлыханов атамыз Украина, Белоруссия, Польша, Венгрия жерін жаудан азат етіп, жеңісті Берлинде қарсы алған. Соғыс аяқталса да, елге бірден қайтпай, әскер қатарынан 1949 жылы бірақ босатылған. Үшінші атбасын тіреген шаңырағымыз ардагер Дмитрий Ковалевтің үйі. Қария өзін құттықтай барған немерелеріне соғыс соқпақтарынан сыр шертіп, кейінгі ұрпаққа тек бейбітшілік тіледі.


Тағылымға толы тарихи әңгімеден ғибрат алған жеткіншектер, аталарына көрсеткен ерлік, қайсарлық, төзімділіктері үшін алғыс айтып, өздері апарған сыйлықтарын табыс етті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив