KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да домбыраға биіктігі 7 метрлік ескерткіш орнатылды (видео)

29.06.2018, 12:19 106

Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында Ұлттық домбыра күніне орай биіктігі 7 метрлік ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Биыл еліміз бойынша тұңғыш рет тойланатын Ұлттық домбыра күнін Жарма ауданы ауқымды мәдени шарамен бастап кетті. Аудан орталығы - Қалбатау ауылының Достық көшесінен тұғыр тапқан еңселі ескерткіштің авторы - жас мүсінші Нұрбол Қалиев.


"Ескерткішке тапсырыс аяқ астынан түсті. Қысқа мерзімнің үшінде 3 нұсқасын дайындадық.  Соның ішінде киелі емен ағашын жарып шыққан мүсінге таңдау түсті. Қазақ шежіресін де ағаштың тамырындай етіп таратады. Еменді сондықтан таңдадық" - дейді ескерткіш авторы.


Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Сыдықов ескерткіш аумағын ұлттық мұраны дәріптеп, өнер құдыретін насихаттайтын орынға айналдыруға күш салатынын атады.


"Біздің заманымыздың V ғасырында жасалған құдыретті қара домбыраның Алтай тауынан табылуы әлемдегі шертпе аспаптардың атасы - қос ішекті домбыра екенін көрсетеді. Бұл ескерткішті қазақ даласынан домбыра үні үзілмесін деген тілекпен орнаттық" - деді аудан әкімі.


Ескерткіштің биіктігі - 7 метр, ені - 3 метр.


Мыңнан астам адамның қатысуымен өткен мерекелік шарада танымал күйші-композитор Айбек Бекбосынов "Елбасы толғауы", "Мәңгілік", "Тарбағатай" сияқты авторлық күйлерін орындады


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив