KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

«Барыс» атану үшін 32 балуан барын салады

15.09.2012, 18:00 254


Қыркүйек айының 22-сі күні Астанада «Қазақстан барысы» екінші республикалық турнирі жалауын көтереді. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 32 балуан қатысқалы отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бырс АстанаБүгінге дейін еліміздің барлық аймағын-да іріктеу сыны жүргізіліп, әр облыстың ең мықты деген екі балуаны республикалық турнирге жолдама алды. 2012 жылғы іріктеу турнирінде жалпы жиынтығы 749 мың балуан бақ сынаса, соның 32-сі «Сарыарқа» кешенінде өтетін «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сынына қатысу мүмкіндігін иеленді. 2011 жылы тұңғыш рет өткен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу кезеңіне жалпы есебі 744 мың балуан қатысқан болатын.

2012 жылғы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу 3 кезеңді қамтыды: 1-ші кезеңде ауыл-аймақтардағы жас таланттардың көзін ашу мақсатымен, еліміздің әрбір нүктесінде іріктеу жүргізілді. Іріктеу сынынан іркілмей өткен балуандар аудандық сайысқа қатысу мүмкіндігін иеленді.

2-ші кезең әр ауданда жүргізілген іріктеу турнирі үздіктерді сұрыптап шығарып, облыстық сайысқа жолдама берді.

3-ші кезеңде әр облыстың намысын қорғайтын балуандардың есімі белгілі бол-ды. Облыс деңгейіндегі жарыста ең үздік шыққан 2 балуан республикалық турнирге қатысатын мүмкіндікке қол жеткізді.

Республикалық сынға жолдама алған балуандар шілденің 10–13-і аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынына қатысып, медициналық тексеруден өтті.

Іріктеу сынына арналған үш кезең артта қалды. Енді топтан озған 32 мықты Қа-зақстанның бас балуаны кім болатынын анықтайды. Турнирге қатысатын үміткерлер-дің салмағы 74 келіден жоғары болуы тиіс.

«Қазақстан барысы» – қазақ күресінен ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жүлдесі үшін өтетін респуб-ликалық турнир. Биыл екінші рет ұйым-дастырылып отырған ауқымды сайыстың басты мақсаты – қазақ күресінің насихатын арттырып, Қазақстан халқының патриоттық сезімін ояту. Қазақ күресін әлемге таны-тып, Азия ойындары мен Олимпиада бағ-дарламасына енгізу де көзделіп отыр. Ол үшін «Қазақстан барысы» секілді ірі жоба арқылы қазақ күресінің ел және шетелдегі насихатын арттыра түсу керек.

Біздің облыстан бұл турнирге қос балуан аттанғалы отыр. Олар – Үржар ауданы, Мақаншы ауылының тумасы, 1979 жылы өмірге келген Шалқар Жоламанов пен Абай ауданының өкілі, 1987 жылы туылған Айбек Нұғымаров. Біздің Шығыс бұл екі «барысқа» да үміт артып отыр. Екеуі де талай бәсекеде топ жарып, қарсыластарын қапыда қалдырып жүрген саңлақтар. Айталық, Шалқар 2011 жылы өткен «Қазақстан барысы» турнирінде қола жүлдеге қол жеткізіп, абыройымызды бір көтеріп тастаған. Сол секілді Айбектің де айбыны күшті. Қасиетті Абай өңірінде дү-ниеге келген ол самбо, дзюдо сынды спорт түрлерін жақсы меңгерген әрі күш-қуаты да мығым.

Шалқар ЖОЛАМАНОВ
Лақап аты: Қожақыл.
Туған жылы: 1979, 14-наурыз.
Бойы: 174, салмағы – 95 келі.
Туған жері: Үржар ауданы, Мақаншы ауылы.
Спорттық атағы: қазақ күресінен ха-лықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спорттық жетістіктері: қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, 2011 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің қола жүл-дегері.
Бапкері: Қанат Сүлейменов.

Айбек НҰҒЫМАРОВ
Лақап аты: Шығыс барысы.
Туған жылы: 1987, 3 маусым.
Бойы: 190, салмағы – 125 келі.
Туған жері: Абай ауданы, Құндызды ауылы.
Спорттық атағы: қазақ күресінен ха-лықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбо, дзюдо күресінен спорт шебері.
Спорттық жетістіктері: қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы.
Бапкері: Серік Қоржікенов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив