KZ
Өскемен
+12°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Семейде өрттен екі баланы көршісі құтқарып қалды

27.06.2018, 04:32 193

Осыдан екі күн бұрын Шекоман ауылындағы үйлердің бірінен өрт орын алды. Осы елді мекеннің екі тұрғыны құтқару жасағының қызметкерлері келгенше балаларды, сондай-ақ бір мүмкіндігі шектеулі келіншекті тілсіз жаудан аман-есен құтқарып қалған.


Нақтырақ айтсақ, қызыл жалынға оранып жатқан үйді бірден байқап қалған 50 жастағы көрші әйел, ештеңеден қорықпастан екі бүлдіршінді тез арада сыртқа шығарған . Ол кісі терезені шағып, лапылдап жанып жатқан пәтерге кірген. Ал денсаулығында ақауы бар азаматшаны көмекке жүгіріп келген ер адам дереу далаға алып шыққан . Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив