KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Түнгі сот деген не?

20.06.2018, 11:52 129

Дәлірек айтсақ, Жоғарғы Соттың азаматтарға өздеріне қолайлы уақытта әкімшілік сот өндірісіне қатысуы үшін «Түнгі сот» қанатқақты жобасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 29 мамырында облыстық сот, облыстық прокуратура, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі және облыстық адвокаттар алқасы арасында өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Атап өтерлігі, «Түнгі сот» Өскемен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының базасында 2018 жылдың 11 маусымынан бастап, кешкі сағат алты жарымнан түнгі онға дейін жұмыс істейді.


Ерекшелігі, Қазақстан Республикасының жұмыс істейтін азаматтары жол-көлік оқиғасы бойынша туындаған дауларды жұмыс кестесінен қол үзбей, жұмыс уақытынан тыс мезгілде шеше алады.


Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы орын алған күннен бастап, сақтандыру компаниясына жүгінген күнге дейінгі мерзімді 72 күннен немесе үш жарым айдан үш күнге (сот актісіне шағымдану үшін және оның заңды күшіне енуі үшін (+ 10 тәулік) дейін қысқарту мүмкіндігіне ие.


«Түнгі соттағы» әкімшілік іс қарауға қажетті жиынтық негіздер:


- іске қатысушы тұлға жасалған құқықбұзушылықтың жағдайларымен дауласпайды,

- құқықбұзушы жасалған құқықбұзушылыққа өзін кінәлі деп мойындайды және келтірілген шығын көлемімен келіседі,

- екі тарапта да істі жедел қарау жөнінде қолдаухат болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив