KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Өскемендіктер, кішкентай Әлижанға көмектесейік!

8.06.2017, 18:00 198



Бүгін кешке, сағат 18.00-де облыс орталығындағы амфитеатрдың аумағында қайырымдылық балы ұйымдастырылады. Бұл жолы жиналғандар Зайсан қаласының тұрғыны 2012 жылы туған Әлижан Бауыржановтың денсаулығын түзетуге қаражат жинайды.

Әлижанның анасы босанған кезде көз жұмғандықтан, оны әжесі тәрбиелеп келеді. Бес жастағы бала сал ауруының ауыр түрімен науқас. Бала аяғын басып кету үшін өте қымбат ем түрлерін қолдану қажет, оған әжесінің жағдайы келер емес. Әлижанның еміне қаражат жинау мақсатында баннердің қасына урна қойылады, кешке жиналғандар бал аяқталғанша ақшалай көмек көрсете алады. Әжесі Мәрзия Серғалиқызы Каксимова кез келген көмекке риза болады. Қайырымдылық шарасына немересі мен әжесі келеді деп күтілуде.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы Елбасы мектебінің ұжымы алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. Зияткер балалар кеш барысында классикалық және бүгінгі билерден концерт қояды.

Айнаш Ескенқызы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив