KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Семейліктер қысқы сенбілікке шықты+(сурет)

9.02.2013, 18:00 308


Семейде көшелерді қардан тазалау жұмыстары өз жалғасын тапты.Қаланың тұрғын үй-шаруашылық қызметі, мүдделі жеке меншік иелері қарды жинап, қала сыртына шығарумен айналысып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі, Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп.

Семейліктер қысқы сенбілікке шықты+(сурет)
Семейліктер қысқы сенбілікке шықты+(сурет)
Семейліктер қысқы сенбілікке шықты+(сурет)

Шаһар әкімі тұрғындардан осы маңызды шаруаға өз үлестерін қосуды сұраған. Бұл ұранға алдымен жастар қолдау көрсетті.
Студенттер Қайсар Еркінбаев пен Олжас Мысыров бастаған жастар соғыс және еңбек ардагерлеріне осы істе көмек беруді қолға алды. Қайсардың пікірінше, кез келген семейлік қаланы тазалау жұмыстарына өз үлесін қосуға міндетті.

Жастар ауласын тазалауға көмектескен жандардың бірі – соғыс ардагері Николай Поздняков. Қария студенттердің қолқабысына ризашылығын білдірді.
.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив