KZ
Өскемен
+2°
пасмурно Штиль
488.91 532.62 5

ШҚО-да әскери борышын өтеп жүрген  қостанайлық сарбаз көз жұмды

10.06.2018, 03:18 365

21 жастағы Валерий Кружновтың ант қабылдағанына бірнеше апта ғана болған. Бұл туралы «Қостанай жаңалықтары» сайтының тілшісіне жігіттің туыстары айтып берді.


8 маусым күні таңертең отбасына Валераның қайтыс болғанын хабарлапты. «Ұйықтап жатып, жан тапсырды» - деген екен. 9 маусымда денесі Қостанайға жеткізілуге тиіс болатын.


Валерий - отбасындағы жалғыз бала, ата-анасының үміті еді. Қостанайдағы №1 мектеп-лицейін тәмамдап, Екатеринбургте арнайы орта білім алып үлгеріпті.


Әскерге шақырылғанға дейін Валерийдің денсаулығында кінәрат болған көрінеді. Облыстық комиссия кезінде оған кардиалгиялық синдром деген диагноз қойылған. Бірақ осы диагноз қойылса да, не себепті оны әскерге шақыртқаны беймәлім. Бұл сұрақтың жауабын қазір туған туыстары анықтауда.


Валерий Кружнов Аягөздегі "Шығыс" Аймақтық қолбасшылық әскери бөліміне жіберіліп, №2 ротада борышын өтеп жүрген. 1 мамыр күні Қостанайдан әскерге аттанып, ант қабылдаған екен.


 


Дереккөз: kstnews.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив