KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Василий Жиров Данияр Елеусінов туралы өз пікірін айтты

7.06.2018, 04:30 147

1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы және IBF нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Василий Жиров «SPORTINFORM» САА-ға Данияр Елеусіновтің кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегінде мажарлық Золтан Шебоны нокаутқа жібере алмауының себебін түсіндірді.


«Әдетте, қарсыласыңды нокаутқа жіберемін деп алдыңа мақсат қойып, тек сол туралы ойласаң ол болмай қалады. Өйткені қарсыласың сенің ұмтылысыңды көріп, барынша қорғануға тырысады. Сондықтан нокаутты дайындау керек, қарсыласыңды алдап барып, мықты соққыны ол күтпеген жерден жасау керек. Оның үстіне орта салмақта нокаут өте сирек кездеседі. Даниярға және барлық боксшыларға жекпе-жекте сәттілік пен төзімділік тілеймін!»,-деді Жиров.


Еске сала кетейік, 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов мажарлық Золтан Шабоға қарсы лондондық York Hall-да кәсіби рингте екінші жекпе-жегін өткізді. Барлығы 6 раунд болды. Солардың нәтижесі бойынша жеңіске қазақстандық боксшы жеткен. Дәл осы кездесуден кейін Елеусіновтің продюсері жерлесіміздің келесі кездесуінің өтетін орны мен уақытын атап кетті. Данияр жанкүйерлеріне қолдау танытқандары үшін алғыс білдірді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив