KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Әлеуметтік маңызы бар аурулар қатары қысқартылмақ

5.06.2018, 10:25 181

Қазақстан Республикасындағы тегін медициналық көмек көрсетілуге тиіс әлеуметтік маңызы бар аурулар қатары қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасында айтылады.


Аталмыш тізім 9 пунктке азаяды деп жоспарлануда. Жаңа тізім бойынша тек 4 позиция ғана қалады. Атап айтқанда: туберкулез, АИТВ, қатерлі ісік аурулары мен психикалық ауытқулар.


Қалған 9 пунктке кіретін гепатит, қант диабеті және балалар церебралды сал ауруы секілді ауыр сырқат түрлерін тізімнен шығару ұсынылып отыр.


Бұл бұйрық ағымдағы жылдың 6 маусымына дейін талқыланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив