KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Шығыс Қазақстанда АИТВ-жұқпасымен (ВиЧ) 1991 адам есепте тұр

12.05.2013, 18:00 184


Дүниежүзінде жыл сайын мамыр айының үшінші аптасында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Еске алу шарасы 2013 жылдың 19 мамырында осымен 30-шы рет өткізілмек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еске алу күні ЖИТС –ке шалдыққан адамдардың тобымен алғаш рет 1983 жылы Сан-Францискода ұйымдастырылып,содан бері бұл дәстүрге айналды.

Қазіргі таңда дүниежүзінде АИТВ-жұқпасымен ресми түрде 40 миллионға жуық адам тіркелген.

Шығыс Қазақстан облысында 2012 жылдың 1 мамырына АИТВ-жұқпасымен 1991 адам есепте тұр. Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретіндердің саны бойынша біздің облыс төртінші орында.

36 адам ЖИТС-тан қайтыс болды. 1996 жылдан АИТВ-жұқпасын емдеуге алғашқы рет індетке қарсы препараттар пайда болды.

Ал 2005 жылдан Қазақстанда індетке қарсы белсенділігі жоғары терапия схемалары енгізілді, ол АИТВ-мен өмір сүретіндердің өмірінің сапасын жақсартады.

Бүгінгі таңда ШҚО АИТВ статусы бар 181 адам ем қабылдауда. Өскемен қаласында өкіметтік емес екі ұйым жұмыс атқарады («Answer», «Куат»), олардың басты мақсаты АИТВмен өмір сүретіндерді қолдап, оларға ІҚТ және сапалы медициналық көмек көрсетеді, сонымен қатар АИТВ-жұқтырған адамдарды қоғамда шеттетпей қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.

Медициналық қызметкерлер сияқты қоғамдық ұйымдар да АИТВ-жұқпасы проблемасына қоғамның назарын аударуға тырысады.

2012 жылы АИТВ-жұқпасын жұқтырған шығысқазақстандықтардың 55 пайызы тамыр арқылы есірткі қолданғандар және 45 пайызы қорғанбай жыныс қатынасына түскендер.

Шараны ұйымдастырушылар алдын алу, емге қолжетімділік көрсету және қоғамның назарын АИТВ/ЖИТС проблемасына аудару сынды кешенді шаралар індетті тоқтататына сенімді.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив