KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Қоңыр әулие үңгірі «Мир» телеарнасынан көрсетілетін болды

4.06.2018, 10:40 141

Абай ауданында халықаралық «Мир» телерадиокешенінің өкілдері болып, мұндағы бірқатар тарихи орынды таспаға түсіріп қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Түсіру тобының жетекшісі «Ұлы дала елінің аңыздары» бағдарламасының режиссері В.Попов бастаған топ Орда мен Жидебайдағы тарихи орындарды түсірді. Сонымен қатар Шаған өзенін, Ақтас тауы мен тау беткейіндегі Шаған шайқасы болған қорымды да тамашалады. Қоңыр әулие үңгіріне арнайы тоқтап, киелі жердің тарихы мен оған қатысты аңыздар туралы жергілікті өлкетанушы Ә.Мырзақасымнан сұрап білді.


Айта кетейік, түсірілім жұмыстарына Абай ауданының әкімдігі жан-жақты қолдау көрсеткен бұл деректі фильм алдағы уақытта «Мир» телеарнасынан көрсетілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив