KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 2,1 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Даниал Ахметов: "Гибридті ота залы әлемдегі озық қондырғымен қамтылады"

4.06.2018, 06:34 153

Облыс билігі, денсаулық сақтау саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Семейге келген әр сапарында Даниал Ахметов, жергілікті ауруханаларға соқпай кетпейтіні рас. Бұл жолы да облыс әкімі Жедел медициналық жәрдем ауруханасына барып, жүктелген міндеттердің қаншалықты орындалып жатқанын көріп қайтты.


Бұған дейін айтқанымыздай, Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасында гибридті ота залын ашу көзделген. Онда барлық жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлері жүзеге асатын болады. Атап айтқанда, жедел коронарлы синдром, яғни инсультті алдын-алуға, сондай-ақ кардиохирургиялық күрделі оталар жүргізілмек. Бұл өз кезегінде сапалы медициналық қызметке жол ашады. Гибридті ота залы әлемдегі ең үздік құрал-жабдықтармен қамтылады деп сендірді облыс басшысы. Сол сияқты осы аурухананың негізінде политравма және ортопедия орталығының ашылуы жоспарда бар.


- Біз елімізде алғашқылардың бірі болып, Өскеменде роботтандырылған хирургия орталығын аштық. Дәл солай бұл ауруханада тұңғыш рет гибридті ота залы іске қосылады. Гибридті ота залы – әлемдегі ең озық қондырғымен қамтылады. Осы арқылы Өскемен секілді Семей шаһарыда алдыңғы қатарлы медицинаның орталығына айналады. Бұл жай ғана айтылған сөз емес. Біз жыл сайын 60-80 адамды Еуропаға біліктілігін арттыруға жібереміз. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығы мен келесі жылдың алғашқы ширегінде, барлық бас дәрігерлер Еуропаның, оның ішінде Англия, Польша және Францияның клиникаларында білімдерін жетілдіретін болады. Осылайша біз адами капиталды дамытуды мақсатты түрде іске асырамыз. Бұдан өзге жылма-жыл 2400-дей дәрігер мен медбикелер медицина университетінен қайта даярлау курстарынан өтуде, - деген Даниал Ахметов, білікті кадрларды дайындау мәселесіне әрдайым басымдық берілетінін тілге тиек етті.


Өз сөзінде аймақ әкімі, облыстағы ауруханаларды қажеті жаңа қондырғылармен қамтуға 17 млрд қаражат жұмсалғанын нақтылады. Тағы 6 млрд теңгені келер жылы аудару көзделуде. Әйтсе де озық ойлы, білгір мамандарды әзірлеу саясаты басты ұстаным болып қала бермек. Бұл ШҚО әкімінің түйіндеп айтқан сөзі. Сол сияқты Д. Ахметовке, науқастарды қабылдау мен қызмет көрсетудің әлемдік талаптарға негізделген үлгілері көрсетілді. Мұндай қызмет түрі Шығыс Қазақстан бойынша Семейде ғана енгізіліп отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив