KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Семейде политравма және ортохиругия орталығы ашылды

23.07.2018, 11:15 291

Шілденің 19 күні Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасының негізінде Политравма және ортохирургия орталығы іске қосылды.


Жаңадан ашылған орталықта замануи қондырғылардың көмегімен жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлері көрсетілмек. Бұл өз кезегінде науқастардың тез айығуына сеп болары даусыз. Сол секілді осында жасалатын отадан кейін қысқа уақытта емделушілердің қозғалыс белсенділігі артатынына сенімді ақ халаттылар. Политравма бөлімінің меңгерушісі болып Дарын Бахтыбаев тағайындалса, ортохирургия бөлімінің тізгіні Қуаныш Қасымовқа сеніп тапсырылыпты. Мұндағы қызметкерлердің дені білікті мамандардан жасақталған көрінеді. Олардың қатарында медицина ғылымдарының профессорлары, докторлары, кандидаттарымен қатар, жоғары санаттағы дәрігерлер және медбикелер бар екен. Бұл Астана қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ Семейдегі Мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп іске асырылған жоба. Ол 2016-2019 жылдарға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қолға алынды.


-Политравма және ортопедия орталығы республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші мамандарымен бірге ішкі протездеу және күрделі жарақаттарды емдеу үшін ең озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл орайда жедел медициналық жәрдем ауруханасының рөлі өте маңызды. Өйткені осы мекеме Шығыс Қазақстандағы 9 ауданға қызмет етіп келеді, - деген еді облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов Семейге жасаған алдыңғы сапарында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив