Өскемендегі ойын-сауық мекемелерінің бірінде төбелес болды
Қаладағы көңіл көтеретін орындардың бірінде төбелес болды. Бұл туралы 25 мамырда түнгі сағат екі шамасында сол ойын-сауық мекемесінің әкімшілігі хабар берген.
Төбелес би алаңында орын алған. Полиция қызметкерлері жеткенше би алаңын рингке айналдырғандар бұл жерден ізін суытып үлгеріпті. Бірақ бейнекамераға түсіп қалған жазба арқылы оларды анықтап, қамауға алды.
Тергеу барысында анықталғандай, төбелес ұйымдастырғандар 29 және 34 жастағы қала тұрғындары екен. Мас күйлерінде сөзге келіп қалады. Оның соңы төбелеске ұласты.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық із қозғалып отыр.
Оқи отырыңыз