KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Канн фестивалінде үздік актриса атанған қазақ қызы Самал Еслямова көзіне жас алды

21.05.2018, 08:48 224

Петропавл қаласының тумасы , жұлдызы жарқыраған қазақтың қызы – Самал Еслямова 71-Канн кинофестивалінің үздік актрисасы атанып, бүкіл дүние жүзі жұртшылығын таңқалдырды.

Көптен бері күткен бұл номинацияны Самал Еслямова ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді шынайы сомдап, Қырғызстаннан келген қыздың образын бастан-аяқ өте жоғары деңгейде көрсете алғаны үшін жеңіп алды.



Шыны керек, көп жылдан бері Ресей мемлекетінде тұрса да, жүрегі қазақ деп соғатын еліміздің қайсар қыздарының бірі екенін бірден байқауға болады. Олай дейтін себебіміз марапаттау сәтінде қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген әдемі көйлекпен сахна төріне шыққанда барша Қазақстандықтардың абыройын асқақтатып, ұлттық рухымызды бір көтеріп тастады.


Youtube әлеуметтік желісінде жүктелген осы бір бейнежазбаға назар аударсақ, осыған дейін де үлкен аудиторяины қамтыған мыңдаған көрермен аяғынан тік тұрып, Самал қызымызға 5 минуттай үздіксіз шапалақ ұрып, қошемет көрсетккендерін көруге болады.


Айта кету керек, Самал қарындасымыз осыған дейін де Қазақстан, Германия, Ресей және Швейцария бірлесіп түсірген «Тюльпан» фильмінде басты рөлді сомдағаны үшін 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесіне лайық деп танылған болатын, ал осы жылы айы оңынан туып , кино саласында жүрген барлық актрисалар армандайтын ең беделді марапатқа қол жеткізіп отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив