KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Айналымда жалған ақшалар жүр, ірі банкноттарды қолма-қол алу кезінде сақ болыңыз

18.05.2018, 10:57 98

Өңірде жалған ақша жасаушы алаяқтар талай адамды сан соқтырды. Облыста жыл басынан бері ғана айналымнан 500 мыңға таяу жалған ақша тәркіленген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, аялақтар негізінен 2000, 5000 және 10 000 теңгелік купюраларды жасауға басымдық берген. Сондай-ақ, олардың жалған ақша жасаудағы шеберліктері де жыл санап артып келе жатқандай. Мамандар қарапайым тұрғынға оларды шынайы ақшадан ажырату қиын екендігін айтады.


Жалған ақшалар көбінесе банктерде немесе арнайы аппараты бар мекемелерде анықталып жатады. Олардың көбі Семей мен Өскемен қаласы тұрғындарының қалтасынан шыққан.


Осыған орай Кірістер департаментінің мамандары облыс тұрғындарын үлкен соммадағы қаржыны қолма-қол алу кезінде сақ болуды ескертеді. Сондай-ақ, мұндай жағдайға тап болған жан аталмыш департаментке жүгінуіне немесе 8 (7232) 24-06-05 сенім телефонына қоңырау шалуына болатындығын құлаққағыс етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив