KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да күздік бидай үсіп кетті

17.05.2018, 05:20 177

Бұл туралы облыстық ауылшаруашылық басқармасы хабарлады. Ең көп шығын Глубокое, Көкпекті және Ұлан аудандарының алқаптарына келтірілді. Бұған қыстың қарсыз әрі жайсыз болуы себеп. Облыстың кей өңірлерінде аяз минус 47 градусқа жеткен еді. Кейбір учаскелерде  бір жарым метрге дейін тоң түскен. Соның салдарынан егілген дақылдың бес пайызы жарамсыз болып қалды.


-Келтірілген шығын аса көп емес, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әділет Төлеутаев. - Фермерлердің көбі жаздық егіс егу есебіне шығының орнын толтыруда. Қазіргі уақытта шығынның көлемін комиссия анықтап жатыр. Егер егін сақтандырылған болса, онда шығынның 80-90 пайызы өтеледі.


Биыл егіс науқаны да ауа-райына байланысты кешіктіріліп отыр. Шаруа қожалықтарының көбінде жұмыстар тек 20-30 пайызға ғана орындалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив