KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Семейден тағы бір мықты дзюдошы қыз шықты

14.05.2018, 10:38 172

Ливан астанасы Бейрут қаласында дзюдодан кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өтіп, оған Шығыс Қазақстан облысының өкілі де қатысқан болатын.


Атап айтсақ, байрақты бәсекеде Семейдегі №1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Кристина Сотникова өнер көрсетіп, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, құрлық мықтысы атанды.


Осы ретте, бүгінде Кристина белгілі экс-дзюдошы Еркебұлан Қосаевтың қол астында жаттығып келетінін айта кеткен орынды.

Ал, жарыс қорытындыларына келер болсақ, екі күнге созылған додада отандастарымыз алты алтын, бес күміс, сондай-ақ төрт қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көрінді.


Айта кетейік, Бейрутте дәл осы біріншіліктен кейін іле-шала тағы бір ірі дзюдо жарысы – жастар арасындағы Азия чемпионаты басталып кеткен-ді. Бұл додада шығысқазақстандық екі спортшы – Қуан Барыс (73 келіге дейінгі салмақ) пен Назерке Тілеуханова (78 келіге дейінгі салмақ) жүлде үшін талас жүргізуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив