KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Былғары қолғап шеберлері Бангкоктан олжалы оралды

28.04.2018, 16:40 167

Тайланд астанасы Бангкок қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында шығысқазақстандық былғары қолғап шеберлері жоғары нәтиже көрсетті.


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, аталмыш жарыста 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ермахан Жақпеков қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Осы орайда Ермахан Талғабек Жақпековтың шәкірті екенін айта кеткен орынды.


Сондай-ақ, жарысқа қатысқан қыздарымыз да ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткішке ие болды. Атап айтқанда, Еркежан Дәулетжанқызы 57 келіге дейінгі қыздар бәсекесінде төрт кездесу өткізіп, ақтық сынға дейін сүрінбей жетті. Алайда алтын жүлде үшін айқаста қарсыласына жол беріп, күміс медаль иегері атанды. Сонымен қатар Жұлдыз Тойкованың да қанжығасы майланды. 64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз қола жүлдеге ие болды. Бұрымды спортшылар білікті бапкерлер Арман Тыныбаев пен Дастан Сақпанның қол астында жаттығады.


Айта кетейік, бұл спортшылар облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушілері болып табылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив