KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
529.65 544.64 5.16

Қазақстан мен Ресей шекарасында көлік кептелісі орын алды

ҚР МКК

8.07.2024, 11:00 149 Назерке Каримова

Сенбіден бері Ресей Федерациясы бағытында «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде (Батыс Қазақстан облысы) 200-ге жуық жүк көліктері жиналды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті Ресей Федерациясымен шекарадағы ағымдағы жағдай туралы түсіндірді.

- Кептелістің негізгі себебі - Ресей тарапының шекаралық бақылау процестерінің баяулауы. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ресейдің шекара қызметі «Маштаково» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенінің жұмысындағы проблемаларға байланысты жүктерге физикалық бақылау жүргізеді, - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті. - Қазақстандық тарап жағдайды реттеу мақсатында ресейлік тарапымен жұмыс жүргізуде.


Айта кету керек, ЕАЭО елдерімен шекарадағы мемлекеттік кірістер органдары тек тасымалданатын жүктердің мониторингін жүзеге асырады (5-7 минут ішінде), бұл шекарадан өту үшін қиындықтар туғызбайды және автомашиналардың кептелісіне әкелмейді.

Сырым АӨП штаттық режимде жұмыс жасайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу