Отандасымыз әртістік жүзуден әлемдік додада үздік нәтиже көрсетті
ҚР Туризм және спорт министрлігі
Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем Кубогында күміс медаль жеңіп алды.
Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем Кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Жарыстың суперфиналында отандасымыз Виктор Друзин еркін бағдарламада 190.1584 ұпай жинап, күміс иеленді. Дәл осы сында әйелдер арасында Карина Магрупова 6-шы орынға тұрақтады.
Сондай-ақ акробатикалық бағдарламада 192.5067 ұпаймен Қазақстан құрамасы (Наргиза Болатова, Этери Какутиа, Әйгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Женгазы) қола жүлдеге қол жеткізді.